ҚТЖ төтенше жағдайға байланысты жолаушылардан түсіністік танытуды сұрады

18 Наурыз 2020, 00:21
1770
Бөлісу:
ҚТЖ төтенше жағдайға байланысты жолаушылардан түсіністік танытуды сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан темір жолы" ҰК елде уақытша төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жолаушылар билетінің ақшасын толықтай қайтаруға шешім қабылдады. Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев қолма-қол ақшаның жетпеуінен билет ақшасын қайтару процесіне түсіністікпен қарауды сұрады. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті жолаушылар, бүгін билеттердің қайтарылуына кассаларға тым көп жүктеме түсіп кетті. Осыған байланысты біз өз кассаларымызға қосымша қолма-қол ақша бердік, жолаушылардың қаржысын қайтару төлемдер белгілі бір кассаларда қолма-қол ақша жетіспейтін жағдайларды қоспағанда, сол жерде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда билеттің күші жойылады, ал жолаушы өз ақшасын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, оның ішінде келесі күні ала алады. Біз жолаушыларымыздан осындай жағдайда билетті қайтару процесіне түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауды сұраймыз. Біз билет құнын толық қайтаруға кепілдік береміз, - деді ұлттық тасымалдаушы компания таратқан хабарламада.

Еске салайық, ДДСҰ коронавирус пандемиясының жариялануына байланысты Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді. Оның ішінде жолаушылар тасымалына қатысты төтенше жағдай кезінде ел аумағында бірқатар шектеулер бар.



Өзгелердің жаңалығы