ТЖ режимі кезінде тәулік бойы жұмыс жасауға тура келді – учаскелік полиция

25 Қараша 2020, 17:23
2038
Бөлісу:
ТЖ режимі кезінде тәулік бойы жұмыс жасауға тура келді – учаскелік полиция
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік учаскелік полиция инспекторы Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазан айының соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында ағымдағы жылғы 9 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындылары және Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралды.

Аталған жиынға ІІМ қызметі мен аумақтық полиция департаменттерінің басшылары және еліміздің барлық аймағының учаскелік инспекторлары қатысты.

ТЖ режимі кезінде тәулік бойы жұмыс жасауға тура келді – учаскелік полиция

Президент жиын барысында, учаскелік инспекторлардың белгілі бір аумақтағы қылмысты болдырмауда, жергілікті халықтың мәселелерін шешуде, қылмыстың тікелей немесе жанамама түрде алдын алуда, азаматтардың өмір сапасын арттыруда басты тұлға саналатындығын атап өтті.

Жиынға қатысушы, Қобдалық учаскелік полиция инспекторы Нариман Ульянов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мыңдаған учаскелік полиция қызметкері атынан алғыс білдіріп, қауіпсіз қоғам құру жолында мемлекет алға қойып отырған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.

ТЖ режимі кезінде тәулік бойы жұмыс жасауға тура келді – учаскелік полиция

Полиция капитаны Нариман Ульянов Ақтөбе облысының Талдысай және Бұлақ ауылдық округтерінде қызмет етеді. Оған қарасты учаскенің тұрғындар саны екі мыңнан асады. Соған қарамастан, ағымдағы жылы оның учаскесінде қылмыс саны азайған.

Сондай-ақ ол полиция инспекторларына жақсы жағдай жасалып жатқандығын, бүгінгі таңда полиция пунктері толықтай жабдықталып, қызметтік автокөлік, бейне жетондары мен электрондық планшеттер берілгенін айтты. 

Нариман Ульянов төтенше жағдай режимі кезінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдын алу іс-шараларына белсенді түрде атсалысқан еріктілердің еңбегіне ризашылығын білдірді.

ТЖ режимі кезінде тәулік бойы жұмыс жасауға тура келді – учаскелік полиция

Төтенше жағдай режимі кезеңінде тәулік бойы жұмыс жасауға тура келді. Санитарлық дәрігерлермен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргіземіз. Сондай-ақ азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін түсіндіруге көмектесуге еріктілер қатысып, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмектеседі, - деді полиция капитаны.

Учаскелік инспекторлардың азаматтардың алдында ашық, қолжетімді болуы Мемлекет басшысы қойып отырған басты міндеттердің бірі.

Президент сөз соңында, тәртіп сақшылары бірінші кезекте халық тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екенін айтып, ІІМ қызметі алға қойған міндеттерді  абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы