ТЖ. ІІМ ескертеді!

12 Қаңтар 2022, 20:14
1361
Бөлісу:
ТЖ. ІІМ ескертеді!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 5 қаңтар, сағат 00:00-ден бастап 19 қаңтарға дейін ел аумағында төтенше жағдай енгізілгенін еске салады. 

Осыған байланысты, төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде:

1) қоғамдық тәртіп ережелерін, жүріп-тұруға шектеулерді және коменданттық сағат режимін сақтауға міндетті;

2) аса қажет болмаса өз үйлерінен шықпауға 

және тұрғындар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу;

3) өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжаттары, автокөлікпен жүріп-тұру кезінде оларға тиесілілігін растайтын тіркеу және өзге де құжаттары болуға тиіс;

4) бейбіт жиналыстар, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, ереуілдер, сондай-ақ тууға, үйлену тойына, қайтыс болуға байланысты отбасылық рәсімдер және т.б. шараларды ұйымдастырмауға және өткізбеуге міндетті;

5) Ішкі істер немесе қорғаныс органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері өздеріне өтініш жасаған жағдайда олардың  заңды талаптарын орындауға міндетті. Полиция органдары мен әскери қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін арандатушылықтарға немесе басқа да әрекеттерге бармауы тиіс. 

6) полиция немесе комендатура органдарына үшінші тұлғалардың қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке, конституциялық құрылысқа немесе аумақтық тұтастыққа, тонауға нұқсан келтіретін қылмыстарды немесе өзге де әрекеттерді жасауының немесе жоспарлауының белгілі фактілері, сондай-ақ  күдікті адамдар туралы хабарлауға міндетті. 

Еске саламыз, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға Қазақстан Республикасы Кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыскерлер мен тонаушыларды ұстау, стратегиялық маңызды объектілерді күзету жөніндегі іс-шараларды жалғастырады және азаматтардан белгіленген уақыт шектеулерін сақтауды сұрайды. Қолдау мен түсіністік үшін алғыс айтамыз - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы