ТЖ. Ақтөбеде газ 50-55 теңге

10 Қаңтар 2022, 11:55
1336
Бөлісу:
ТЖ. Ақтөбеде газ 50-55 теңге

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішев өңірдегі ахуалдың тұрақталғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ақтөбе облысында қоғамдық ахуал тұрақты. Өңірімізде тыныштық. Шағын және орта бизнес, ірі өндіріс ошақтары жұмысын жалғастырып жатыр. Сұйытылған газ жанар жағармай бекеттерінде 50-55 теңгеден сатылуда. Әлеуметтік азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Коммуналдық мекемелер қызметінде іркіліс жоқ. Төтенше жағдай режимі сақталуда. Облыстық әкімдік жұмысын тоқтатқан жоқ. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин өңірдегі ахуалды толық бақылауда ұстап отыр - деді ол өз жазбасында.

Өзгелердің жаңалығы