Тыйым салынатын синтетикалық есірткінің тізімі артты

11 Қазан 2021, 11:53
6401
Бөлісу:
Тыйым салынатын синтетикалық есірткінің тізімі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Берікхан Нұрғалиев министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Жақында ғана қылмыстық жауапкершілікке енгізілген синтетикалық есірткінің тағы 11 жаңа түрі мен 17 прекурсор айналымы Үкіметтің қаулысы күшіне енеді. Енді қылмыстық жауапкершілік «пиралерон», мефедрон және синтетикалық каннабиноидтардың заңсыз айналымы үшін 50 грамм емес, бір граммнан бастап есептеледі, - деді Нұрғалиев.

Ол атап өткендей, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл және есірткіге сұранысты төмендету мәселелері қыркүйек айының соңында Премьер-министрдің орынбасары жанында барлық мүдделі мемлекеттік органның қатысуымен талқыланды. Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жетілдіру және нашақорлықтың алдын алу жөнінде егжей-тегжейлі жол картасы әзірленуде. Мұнда іс-шаралардың кең спектрі көзделген, оларды іске асыру мемлекеттік органдарға нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында тиімді және уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Парламент Сенатымен бірге біз күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірлеуге кірістік. Бұл кейбір дәрі-дәрмектер белгілі бір қолдану арқылы сананың өзгеруіне әкеледі. Оларды жасөспірімдер денсаулығымен тәжірибе жасау үшін психоактивті заттар ретінде пайдалануға болады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы