Тыйым салынған жерге от жаққаны үшін 15 алматылық жауапқа тартылды - ТЖД

13 Шілде 2020, 09:32
810
Бөлісу:
Тыйым салынған жерге от жаққаны үшін 15 алматылық жауапқа тартылды - ТЖД

Алматы, BAQ.KZ. Екі күндік демалыста ТЖ департаменті мен Табиғатты қорғау полициясы бірлесіп жүргізген рейдтер барысында 15 алматылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД хабарлады.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 46 қаулысына сәйкес,  КВИ инфекциясының тізбегін бұзу үшін шектеу шаралары енгізілген.  

Табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларға тыйым салынғанына қарамастан, мегаполис тұрғындары табиғатта жаппай демалыс пен пикниктерді ұйымдастыруда. Сонымен қатар, от жаққанда қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан Алматының таулы-орманды  аудандарында құрғақ шөптердің жануының 215 оқиғасы тіркелді - өрт қауіптілігі әлі де сақталуда, - делінген хабарламада.

Екі күндік демалыста ТЖ департаменті мен Табиғатты қорғау полициясы бірлесіп жүргізген рейдтер барысында 15 алматылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

WhatsApp Image 2020-07-13 at 09.15.48.jpeg

Наурызбай ауданындағы Іле-Алатауы Ұлттық табиғи паркінің аумағында 17 адамнан тұратын компания ыстық тамақ пен кәуап дайындау үшін тыйым салынған жерге от жаққан. 1976 жылы және 1986 жылы туған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-тармағы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды, ал 12 шілдеде Медеу табиғи паркінің аумағында жаппай серуендеуге шығып, рұқсат етілмеген жерге самаурын қайнатып, кәуап жасау үшін от жаққан жеке тұлғаларға 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, әр компаниядағы демалушылар 10-12 адам болып топтанып, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған, - делінген хабарламада  

ТЖ департаменті мен Табиғатты қорғау полициясы бірлесіп жүргізген патрульдеу жұмыстары басталғаннан бері  таулы-орманды жерлерде ашық от жаққандары үшін 40 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 277 мың 800 теңге айыппұл салынған.  "Еріктілер лигасы" еріктілерімен бірлесіп 4 мың жадынама таратылды.

Өзгелердің жаңалығы