Бас жаңалықтар
Атырау облысынан Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді
14 Шілде 2020, 14:34 326

Атырау облысынан Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді

Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау облысынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына 5 кандидат тіркелген. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлеу мен оны өткізу жұмыстары бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Кейбір үміткерлер құжаттарын толық тапсырғанмен, кейін кандидаттықтан алып тастауға өтініш жазған.

Атырау өңірінен 5 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде біреуі облыстық мәслихатпен, төртеуі өзін-өзі ұсынған азаматтар. Оның екеуі өндіріс саласының, тағы екеуі темір жол, әуежай байланыс салаларының, біреуі білім беру саласының қызметкері. Үш кандидаттың қосымша екі жоғарғы білімі бар. Екеуі экономист, біреуі заңгер, бір психолог, бір теміржол саласының маманы бар. Канидаттардың ішінде біреуі әйел адам, яғни 20 пайыз. Ұсынылғандардың орташа жасы 52-і құрайды. Ең жасы 44-те. 1 адам Nur Otan партиясының мүшесі, 1-уі партияда жоқ, 3-уі партиялығын көрсетпеген. Барлығы да қазақ ұлтының өкілдері. Бүгінгі күнге дейін қандай да бір арыз-шағымдар түскен жоқ. Ұсынудың қорытындылары туралы ақпараттар сайлау комиссиясының сайтына орналастырылған. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Дегенмен 10 және 13 шілдеде кандидат А.С.Қарабаева және А.С.Арыстан Сенат депутаттығына кандидаттыққа тіркеуден алып тастау туралы өтініштерін жолдады, -деді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманақымов.

Комиссияның мәліметінше, кандидаттардың өмірбаяны, мемлекеттік мүлкі, құжаттары толық тексерілген. Сондай-ақ, барлығы 637 500 теңге жарна төлеген. Оған қоса, әрбір кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінген.

ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 25 маусымдағы 308 қаулысына бойынша ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына әр кандидатқа республикалық бюджет қаражатынан 450 мың теңге қарастырылған. Оның ішінен әр үміткер бағдарламаларын теледидар, радио, баспасөз арқылы насихаттауға, сайлауалды үгіт шараларын өткізуге және көлік шығындарына жұмсалады, - дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолова.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық жұмыстарды санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып істеп жатқандарын айтады.

Кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары 23 шілдеде сағат 18.00-ден кейін басталады және дауыс беру күнінің алдындағы күнгі, яғни 11 тамызда сағат 00.00-де аяқталады. Бұл кезде олар аудандарда, қалада халықпен кездесулері болады. Мұның барлығын санитарлық талапқа сай, қауіпсіздік шараларын ұстана отырып ұйымдастырылады, - деді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманақымов.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...