Тянь-Шань тауларында алматылық альпинист қаза болды

17 Тамыз 2019, 17:09
2777
Бөлісу:
Тянь-Шань тауларында алматылық альпинист қаза болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының тұрғыны Александр Чечулин Тянь-Шань тауларындағы Победа шыңына көтерілген кезде қайтыс болды.

Бұл туралы Facebook-тегі «Ветер странствий» журналының парақшасында жарияланды. 

Аталмыш парақшада хабарланғандай, биыл Тянь-Шань тауларында қар көп жауған. Сол себепті альпинистік лагерлердің кейбір клиенті Победа шыңына шығудан бас тартқан. Алайда, Мұрат Өтепбаев, Александр Чечулин және Андрей Корнеевтен құралған алматылық топ Дикий асуынан асып Победа траверсіне шығуға бел буған.

«Биікке көтерілгеннен кейін Чечулин ауырып қалды. Өкпесі ісінген сияқты. Альпинистер тобы палатканың діңгегін жоғалтып алды. Сондықтан қар басқан шұңқырдың ішінде палаткаға оранып жатуға тұра келді… Таңертең 16 тамызда Александр оянбады», - делінген «Ветер странствий» журналының парақшасында.

68574388_2328975437180899_5180415000669323264_n.jpg

 

Өзгелердің жаңалығы