ТҮҚЖБ-ның 203 мыңға жуық салымшысы мемлекеттің ең жоғарғы сыйақысын алды

5 Ақпан 2019, 22:59
2322
Бөлісу:
ТҮҚЖБ-ның 203 мыңға жуық салымшысы мемлекеттің ең жоғарғы сыйақысын алды

Алматы, BAQ.KZ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 038 869 салымшысы мемлееттік сыйлықақыны алған. Қаржылық ұйым клиенттерінің шотына жалпы алғанда 28,6 миллиард теңге аударды, бұл өткен жылғы төленген қаражаттан 5,6 млрд теңгеге артық, деп хабарлады бакнтің баспасөз қызметі.

Мемлекет сыйлықақысын төлеуге арналған соманың ұлғаюы банк клиенттері санының өсуіне байланысты болған. Өткен жылы 20% көлеміндегі сыйлықақы 896 620 адамға берілген. 96 200 теңгені құрайтын ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын 202 900 банк клиенті алған. Аталған азаматтар 2018 жылы шоттарына кемінде 481 000 теңгені немесе 200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаражат сомасын жинаған. Депозитінде бұдан да үлкен қаражат сомасын жинаған клиенттер сыйлықақы төленбеген жинақ сомасы бойынша мемлекеттік бонусты 2019 жылдың нәтижесінде алатын болады.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет 1 миллионнан астам қазақстандықтың жинақ сомасын көбейтуге көмегін тигізді. Салыстыра кетер болсақ, осыдан үш жыл бұрын мемлекет сыйлықақысы бұдан екі есе аз адамға, яғни, 537 мың салымшыға төленген»,- дейді банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлықақысы берілетін ең жоғарғы салым сомасы – 505 000 теңге (200 АЕК). Осыған сәйкес, максимал мемлекет сыйлықақысы 101 000 теңгені құрайды. Жыл қорытындысы бойынша аталған соманы алу үшін банк салымшыларына ай сайын депозиттеріне орта есеппен 42 000 теңгеден салып отыру керек.

Өзгелердің жаңалығы