Түзеу мекемесінің кітапханалары құнды кітаптармен толықты

13 Қазан 2021, 20:27
1971
Бөлісу:
Түзеу мекемесінің кітапханалары құнды кітаптармен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі кітапхана сөрелерін орыс әдебиетінің көрнекі өкілдерінің кітаптары толықтырды. 

Олардың қатарында сирек таралыммен шыққан құнды кітаптар бар. Енді жазасын өтеушілер Г.Семенихиннің «Космонавты живут на земле», В.Г.Денисовтың «Космонавт летает на земле», С.Андриановтың «Летный характер», А.Шевченконың «Под звездами» және басқа да еңбектерді түзеу мекемелеріндегі кітапхананың оқу залынан оқуға мүмкіндігі бар.

Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов баға жетпес байлық саналатын құнды еңбектерді сыйға тартқан «Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы» басқарма бастығы Нұрлыхан Темірбековке алғыс айтып, бұл кітаптар сотталғандардың жадына жаңғырық, санасына сәуле шашатындығына сенім білдірді.

Құнды кітаптар тарту еткен «Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына» шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта бұл кітаптар өңіріміздегі түзеу мекемелерінің кітапханаларына таратылатын болады. Сотталған азаматтардың түзу жолға түсуінің бір бағыты ретінде олардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Осы тұрғыда мекемеде жазалы жандарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Жазасын өтеушілер ішкі күн тәртібіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады, - деді Қ.Жарылғапов.

Өзгелердің жаңалығы