Бас жаңалықтар
Түзеу мекемесіне ұялы телефон лақтырған азамат ұсталды
21 Сәуiр 2021, 23:39 198

Түзеу мекемесіне ұялы телефон лақтырған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізбекші болғандардың қатары сиремей тұр. Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің қоршауынан ұялы телефон лақтыру фактісі тіркеліп, заң бұзған азамат құрықталды. 

Бұл туралы облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесінің қоршауынан тыйым салынған затты лақтырып, ізін суытпақ болған азамат қолға түсті. Ұсталған С есімді азамат мекеме аумағына жапсырмамен қапталған бір дана ұялы телефон және құлаққап лақтырып үлгерген. Қазіргі таңда заңбұзушылыққа барған 36 жастағы азамат өз кінәсін толықтай мойындап, оған қатысты ҚР ӘҚБК-нің 481 бабына сәйкес материал дайындалды, – делінген хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...