Енді туу туралы куәлікті қайта алу үшін өтінішті онлайн беруге болады

9 Желтоқсан 2019, 21:01
8412
Бөлісу:
Енді туу туралы куәлікті қайта алу үшін өтінішті онлайн беруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жоғалтып, не бүлдіріп алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға өтінішті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.

Әдеттегідей, сізге egov.kz сайты көмектеседі. Ең алдымен порталда авторизацияланып, "Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу" қызметін таңдаңыз. Оған онлайн сұрау салып, ЭЦҚ-мен немесе бірретік парольмен қол қойыңыз, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызмет құнын төлеу үшін картаңызды пайдаланасыз. Қызмет құны – 1 АЕК.

Өтінішіңіздің қабылданғаны және дайын болғаны туралы ақпарат жеке кабинетіңізде көрінеді. 

Дайын құжатты алып кету үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгінесіз. Өзіңізбен бірге жеке кабинетіңізге келген хабарлама мен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет. 

Айта кетейік, онлайн қызметті баланың туу туралы жазбасы 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жазылған азаматтар ала алады.

Өзгелердің жаңалығы