Тұтынушы үйіне жеткенше көмірдің бағасы неге өсіп кетеді?

8 Қазан 2021, 17:39
3117
Бөлісу:
Тұтынушы үйіне жеткенше көмірдің бағасы неге өсіп кетеді?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан темір жолы» елордалық журналистерге көмір өткізудің нүктелеріне баспасөз турын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов көмір тасымалдау тарифтері туралы мәлімет берді.

Баға жыл сайын инфляцияға байланысты бір рет өсіп отырады. Ол жылдың басында өсті. ҚТЖ тарифі көмір бағасының 8%-ын құрайды. Мәселен, көмір 8 мың теңге тұрса, нүктеге дейін 9 мың теңгемен жетеді, яғни 1000 теңге қосылады. Тағы 1000 теңгені вагон иелері қосады. Сөйтіп шамамен 10 мың теңгемен жетуі керек. Дегенмен басқа да оператор, локоматив иелері де бар. Одан бөлек, кірме жолдары да өздерігің қызметіне ақы қосады. Осыдан баға бүгінгі күні 13 100 теңгені құрап отыр. Бұл «Шұбаркөлдің» бағасы, ал «Майқұбаныкы» 13 мың теңгеден тұр, - деп түсіндірді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» өкілі.

Нұржан Келбұғанов осы жерде бір мәселе туындап отырғанын айтып өтті.

Мысалы, көлікпен көмірді таситындар бір рейске 20-25 мың теңге алады. Олар көмір өткізу орнынан 13 мың теңгеге алып, оны 25 мың теңгеге жеткізіп отыр. Яғни темір жол 2 мың теңгемен әкелсе, 5 мың теңгені көлікпен таситын жекеменшік кәсіпкерлер қолдан жасап отыр. Бұл бағаларды тексеру біздің құзыретімізде емес. Яғни көмірдің тұтынушы үйіне барғанға дейінгі баға неліктен 18 мыңға өсіп кететініне мониторинг жасау қажет, - деп түсіндірді ол.

ҚТЖ-ның көмірді жеткізу құны көмір бағасының 8%-ынан аспайды. Яғни көмір бағасына қарай 1000-1200 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы