Бас жаңалықтар
Тұтыну кредиттерін өтеуге 105 млрд теңге қажет – Смайылов
27 Маусым 2019, 12:40 407

Тұтыну кредиттерін өтеуге 105 млрд теңге қажет – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президентінің әлеуметтік топ өкілдерінің қарызын өтеп беруге 105 млрд теңге қажет екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл сома республикалық бюджет есебінен бөлінеді.

"Кепілсіз тұтынушылық несиелерді өтеу үшін шамамен 105 млрд теңге қажет. Оның 88,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен тартылады. Қаржы бюджет нақтыланған соң жақын аптада салынады. Проблемалық несиелер қорынан арнайы облигациялар шығару арқылы шамамен 17 млрд теңге тартамыз. Тағы айта кетерлігі өсімақы мен айыппұлдардың 70% қаржы мекемелерінің өз есебінен өтелетін болады", - деді Смайылов.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 26 маусымда әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдап, тиісті Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мақсаты - өмірлік қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету, оларға өз отбасыларының қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беру.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық