Туроператор мен ұялы байланыс бөлімшелері жұмысын бастайды

16 Мамыр 2020, 15:08
1584
Бөлісу:
Туроператор мен ұялы байланыс бөлімшелері жұмысын бастайды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі 18 мамырдан бастап туроператорлар, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, ЕДБ және қаржы секторының басқа да ұйымдары жұмыс істей бастайтынын мәлімдеді.

Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек.

Бұл ретте, қалада карантиндік шаралар әлі де жалғасуда. Туроператорлардың, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелерінің және қаржы секторы компанияларының жұмысы келесі алгоритмді орындау шартымен ғана мүмкін болмақ. Яғни  Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының ережелерімен танысу, міндетті әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитарлық режим және өзге де  ережелер талаптарына сәйкес нысанды дайындау. 
 Дайындық жұмыстары сәтті аяқталғаннан кейін infoalmaty.kz сайтында тіркеліп, нысанның ережелердің талаптарына сәйкес дайындалғанын растау және электронды цифрлық қолтаңбамен хабарламаға қол қою арқылы кәсіпорында жазылған нормалардың сақталуына кепілдік береді. Тікелей жұмыс орнында қажет болатын қызметкерлер санын осы ұйымдардың жетекшілері дербес анықтайды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы қаласында аудит өткен жағдайда жеке тұрған сұлулық салондары мен білім беру орталықтары, өнеркәсіп және құрылыс саласындағы объектілер, жобалау ұйымдары, сондай-ақ келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар қызметінен шектеулер алынып тасталған болатын. Оның ішінде үйге жеткізу қызметі, ТЖО, шиномонтаж, көлік жуу және автосалондар, ұйымдастыру техникасын жөндеу және жарнама агенттіктері бар. 

Сондай-ақ 25 мамырдан бастап Алматы қаласында қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтандыру нысандарын кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылуда. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады.
Өзгелердің жаңалығы