Түрмеге телефон алып кірмек болғандар ұсталды – Тараз

19 Маусым 2021, 08:58
1916
Бөлісу:
Түрмеге телефон алып кірмек болғандар ұсталды – Тараз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда түзету мекемесіне ұялы телефон кіргізбек болғандардың әрекеті іске аспай қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Қауіпсіздігі ең жоғары ЖД 158/7 колониясындағы сотталушыларға телефонды сол мекемеде келісім-шарт арқылы ағаш өңдеумен айналысатын кәсіпкер өткізуге әрекет жасаған. Ол телефондарды кесілген ағаш ішіне жасырыпты. Тексеру кезінде барлығы 27 смартфон мен 25 түймелі аппарат табылды. Құрылғылар оралып, жылтыр қағазбен қапталған.

Бұл оқиғадан кейін кәсіпкермен мекеме арасындағы келісім-шарт бұзылып, бизнесмен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық атқару жүйесі саласының өкілдері мұндай әрекеттерді болдырмау үшін заңға өзгерістер қажет дейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабына өзгеріс енгізу үшін біз ұсыныс бердік қылмыстық атқару жүйесі комитетіне. Ол ұсыныстар қарастырылуда. Біздің берген ұсынысымыз әкімшілік құқық бұзушылықтан қылмыстық жауапкершілікті қарастыруда, – дейді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков.

Өзгелердің жаңалығы