Түрксіб ауданының ықшамаудандарында сумен орталықтан жабдықтандыру пайда болады

7 Наурыз 2021, 10:18
1800
Бөлісу:
Түрксіб ауданының ықшамаудандарында сумен орталықтан жабдықтандыру пайда болады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде мегаполиске жаңадан қосылған ықшамаудандардағы инженерлік коммуникациялардың, жолдардың және әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты.

Қала әкімі өзінің Instagram-дағы аккаунтында Әлмерек, Нұршашқан және Қайрат ықшамаудандарындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйесімен толықтай қамтамасыз етілетін инженерлік желілердің құрылысы жақын арада аяқталатыны туралы жазды.

Атқарылған жұмыстың сапасын тексереміз. Ол үшін бізге көшелердің күйіне алаңдаулы жергілікті белсенді тұрғындар көмектеседі. Жаңа жол салу, жол жөндеу жұмыстары көктемде басталады. Бұл жұмысты алдағы екі жылда аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деп жазды Сағынтаев.
Түрксіб ауданының ықшамаудандарында сумен орталықтан жабдықтандыру пайда болады

Сондай-ақ, Алматы әкімі №195 мектепті кеңейту жоспарларымен, Әлмерек ықшамаудандағы дәрігерлік амбулатория мен мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты. Ағымдағы жылы №59 мектептің оқушы орны ұлғайтылып, қайта жөндеу басталады. Сейфуллин және Оқушылар үйінің жанындағы жалпыға ортақ скверлерді жөндеу жоспарлануда. Ержанов көшесінен Шацкий көшесіне дейін, теміржол жолдарының қиылысында, жаяу жүргіншілерге арналған өткел салу мүмкіндігі қарастырылуда.

Түрксіб ауданының ықшамаудандарында сумен орталықтан жабдықтандыру пайда болады

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Сауранбаев көшесінде ыңғайлы орындықтары бар жаяу жүргіншілер аймағы, әр түрлі жастағы балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынды.

Серуен мен демалыс аймағына айналған «Арбат» ауданның көрікті, ал тұрғындардың ең сүйікті орны. Құқықтық тәртіпті сақтау үшін мұнда модульдік полиция бекетін қоюды тапсырдым, — деп хабарлады Б. Сағынтаев.
Еске салсақ, жолдарды, көше жарықтарын, инженерлік коммуникацияларды салу «Жаңа Алматы» жаңадан қосылған аумақтарды кешенді дамыту жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Түрксіб ауданының ықшамаудандарында сумен орталықтан жабдықтандыру пайда болады

Атап айтқанда, Түрксіб ауданының Әлмерек шағынауданында бірінші кезеңде 852 үй су құбыры желісіне қосылады. Жоба мамыр айында аяқталады, содан кейін қалған 261 үйге желілер салудың екінші кезеңі қарастырылады. Сондай-ақ, көктемде жолдарды жөндеу және салу жұмыстары басталады. 54 көшенің ішінде ұзындығы 5,9 км болатын 8-інде ғана асфальтбетон бар, қалған 46-сы 14,6 шақырымы топырақты жол.

Түрксіб ауданының ықшамаудандарында сумен орталықтан жабдықтандыру пайда болады

Нұршашқан ықшамауданында 836 үйдің барлығы дерлік сумен жабдықтау және судан бұру желілерне қосылады, олардың құрылысы осы жылдың жазына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жолдарды салу және жөндеу жұмыстары көктемде басталады. Алдағы екі жылда ұзындығы 16,6 км болатын 5 көшедегі жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде ұзындығы 5,1 км болатын 25 көше асфальтталмаған.

Түрксіб ауданының ықшамаудандарында сумен орталықтан жабдықтандыру пайда болады

Қайрат ықшамауданында 1292 үйдің барлығы дерлік орталықтандырылған сумен жабдықтау және судан бұру жүйесіне қосылатын болады. Құрылысты жаздың басында аяқтау жоспарланған. Жолдарды жөндеу және салу жұмыстары көктемде басталады. Ұзындығы 36,6 км болатын 93 көше бар, оның ішінде 78 көшедегі ұзындығы 29,3 км жол топырақты. Жобаны екі жыл ішінде аяқтау жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы