Түркияға барып та алданып жатыр. Министр  қаржылық сауаттылық төмендеп кеткенін айтты
04 Қараша 2021, 15:38 141

Түркияға барып та алданып жатыр. Министр қаржылық сауаттылық төмендеп кеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Желмая» жобасында айтты.

Қаржылық сауаттылық төмендеп бара жатыр. Халықты қаржылық сауаттылыққа шақыру керек. Мектептерде, ЖОО-да арнайы пәндер болуы керек деп ойлаймын. Қаржы пирамидаларға адамдар ұрынып, алаяқтардың жетегінде кетіп жатады. Базалық білім болу керек. Өз қолындағы қаражатты ұтымды жарата білуі керек. Түркияға барып та алданып жатыр. Танымал адамдар болса, халық соларға сеніп жүре береді. Сол жағына да көңіл бөлу керек, – деді Жамаубаев.

Министр атағандай, атақты адамдарға емес, нақты, ресми деректерге сену керек.

Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің, Үкіметтің беріп отырған ресми ақпаратына сүйеніп шешім қабылдау керек. Бірақ халық салықты төлеуі керек. Қазір оны төлеудің жеңіл түрлері көп. Мобильді қосымшаны көшіріп алып, төлеуге болады. Ол арқылы қанша салық төлеу керегін білесің, картаңды тіркеп қойсаң, салық өзі төленіп тұрады, – деді Ерұлан Жамаубаев.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...