Түркиядан Павлодарға ұшып келген 34 жолаушы Нұр-Сұлтанға жөнелтілді

6 Сәуір 2020, 17:07
1513
Бөлісу:
Түркиядан Павлодарға ұшып келген 34 жолаушы Нұр-Сұлтанға жөнелтілді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріне Түркиядан арнайы рейспен ұшып келген 34 азамат Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді. Эвакуациялық рейспен кеткен азаматтардың барлығы - елорда тұрғындары.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қос өңір әкімдіктері тұрғындарды арнайы автобуспен жеткізу жөнінде келісімге келген.

Келісімге орай арнайы автобус елорда тұрғындарын Павлодар қаласындағы карантинді госпитальден Нұр-Сұлтан қаласының блок-бекетіне жеткізеді. Кейін олар арнайы көлікпен тиісті жерлеріне жеткізіледі. Барлық процедуралар дезинфекциялық эпидемияға қарсы режим ережелерін сақтау негізінде жүзеге асырылады, - деп хабарлады облыс әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Дана Саудагерова.

Ал қалған жолаушылар карантиндік госпитальде тиісті медициналық бақылауда. Мамандардың айтуынша, облыс тұрғындары 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске салсақ, екі күн бұрын Түркиядан 102 отандасымыз елге оралды. Арнайы ұшақ Павлодар халықаралық әуежайына ұшып келді. Жолаушылар жерге қонған бойда карантинге жатқызылды. Ал олардың жеке заттары мен ұшақтың өзі қатаң дезинфекциядан өтті. Бұл рейстің жолаушылары тиісті сараптамадан өтті. Нәтижесінде коронавирустық инфекция жұқтырғандар анықталған жоқ. Барлығының дені сау.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Біржан Досмайыловтың мәліметінше, өңірде бұған дейін 1600-ден астам азамат медициналық бақылауға алынды. Осы күні 700-ге жуығы есептен шығарылса, тағы 950 адам бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы