Түркиядан бөлек тағы үш ел алапат өрттің құрсауында қалды

1 Тамыз 2021, 16:27
4503
Бөлісу:
Түркиядан бөлек тағы үш ел алапат өрттің құрсауында қалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түтін мен өрттің салдарынан алты адам қаза болды, мыңдаған адам эвакуацияланды, көбінің үйі өртеніп кетті. Түркиядағы орман өрттерінің саны жүзге дейін жетті. Күнделікті жаңа өрт ошақтарының пайда болғаны туралы хабар түсіп жатыр. Осыған ұқсас жағдай Грецияның оңтүстігінде, Италияда және Канадада орын алды. Бұл мекендерде аптап ыстық пен қатты жел жағдайды одан сайын ушықтыруда.

Бұл туралы «МИР 24» хабарлады.

Түркиядан бөлек тағы үш ел алапат өрттің құрсауында қалды

Өрттің жаңа ошақтары Эгей теңізінің жағалауында орналасқан Бодрум қурортына да жетті. Тіпті тұрғын үйлерді де шарпып жатыр. Ел үкіметі адамдарды үйін тастап, кетуді сұрады. Тау бөктерінде орналасқан тілсіз жауға жету қиындық туғызуда. Қазір өртті әуеден өшіріп жатыр.

Түркиядан бөлек тағы үш ел алапат өрттің құрсауында қалды

Өрттің түтіні Антальядан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Кипр аралының аспанын тұмшалап тастады. Тілсіз жаудан ең көп зардап шеккен қалалардың бірі - Манавгате. Мұнда ең алғашқы өрт басталған еді. Алайда өрт сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жақында өңірге ел президенті Реджеп Тайип Ердоған барды. Оның сөзінше, өртке байланысты ушыққан жағдай тек халықаралық көмектің арқасында ғана бақылауда болып отыр.

Түркиядан бөлек тағы үш ел алапат өрттің құрсауында қалды

Қазір осындай заманда бізге ең керегі - ауызбіршілік, бауырластық және ынтымақтастық. Аллаға шүкір, өрттің басым бөлігін ауыздықтай алдық. Оларды сөндіре алатын амфибия-ұшақтарының саны Ресей, Украина, Әзербайжан және Ираннан келген көмектің арқасында көбейіп отыр, - деді Ердоған.
Түркиядағы орман өрттері мыңдаған үй жануарының көзін құртты. Фермерлер түтіннің арасынан мал-жандарын іздестіруге тырысуда. Сегіз жануар тірідей жанып кетті. 

Түркиядан бөлек тағы үш ел алапат өрттің құрсауында қалды

Сонымен қатар көршілес жатқан Греция да өртке оранды. Қазір елдің көптеген аймағында аномальді ыстық - 42 градусқа дейін жеткен. Ел тұрғындарының бұндай ыстықты бастан өткермегеніне 35 жылға жуықтаған екен. Құрғап қалған теректер жанып жатыр. Орманды басып өткен өрт Пелопоннес түбегінің батысын жанап өтіп, жағалауға дейін жеткен. Сондай-ақ өрт Грецияда үлкендігі бойынша үшінші қала Патраны шарпып, түбекті екіге бөлді. Ел үкіметі жағалауға жақын жатқан қала және ауыл халқын эвакуациялап жатыр. 

Түркиядан бөлек тағы үш ел алапат өрттің құрсауында қалды

Сицилияның Катания қаласында Ле Капаннине жағажайы өртеніп кетті. Қала маңында 15 орман өрті лапылдап жатыр. Түні бойы өрт сөндірушілер өртпен арпалысып шыққан. Алайда ыстық ауа райы мен жылы жел өртті одан әрі үдете түскен. Қала тұрғындарының бір бөлігі қауіпсіз жерге көшірілді.

Түркиядан бөлек тағы үш ел алапат өрттің құрсауында қалды

Бұдан бөлек канадалық Британиялық Колумбия провинциясында аспанды қалың түтін басты. Бұл өңірде 244 орман өрті өрт сөндірушілерге дес бермей жатыр. Оның 11-і соңғы екі тәулікте басталған. 

Елдің қоршаған орта министрлігінің айтуынша, қауіпті ыстың иісі ауада екі тәулікке дейін тұрақтап тұруы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбіде елдегі ормандарды өртеуге қатысы болуы мүмкін күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы