Түркиядағы өрт. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

29 Шілде 2021, 19:46
2582
Бөлісу:
Түркиядағы өрт. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Анталья провинциясындағы алапат өрттен қазақ тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Түркияның Анталья провинциясы Анталья мен Алания арасындағы Манавгат ауданында таулы жерде (теңіз жағалауынан ұзақтау) кеше сағат 12:00 басталған бұрын-соңды болмаған өрт әлі де жалғасуда. Әрине, бірінші кезекте ҚР азаматтарының қауіпсіздігі. Анталья Консулдық есебінде ресми тіркелген 200-ге жуық азаматымыз бар. Іс жүзінде бұл жерде тұрғылықты, қысқа мерзімді тұрып жатқан азаматтарымыздың саны әлдеқайда жоғары. Демалысқа келіп демалып жатқандар көп. Абырой болғанда қаза тапқан және ондаған жаралы кісілер арасында біздің азаматтар жоқ, - деп жазды ол.
Түркиядағы өрт. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Түрік ресми өкілдерінің хабарлауынша 600 га астам орман жанған және бұл алаң 3-4 есеге өсуі мүмкін. 50-ге жуық кіші ауылшықтар көшірілген. 7-8 ауыл жанып кеткен.

Түркиядағы өрт. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Яғни, түсінетіндерге түрік ағайындар өте қиын жағдайға тап болып отыр. 

Түркиядағы өрт. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Өкінішке қарай қатты желге байланысты өрт толық бақылауға алынды деу қиын. Өрттің Алания ауданы шекерасына жақындап қалды деген ақпараттар түсуде.

Түркиядағы өрт. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ


Өзгелердің жаңалығы