Түркияда метеориттің құлаған сәті видеоға түсіп қалды

31 Шілде 2021, 12:03
4448
Бөлісу:
Түркияда метеориттің құлаған сәті видеоға түсіп қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Измир қаласының тұрғындары қала маңына метеорит құлап бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

Hurriyet басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерді қолданушыларының айтуынша, метеорит жарықтығымен ғана емес, дыбысының қаттылығымен де ерекшеленген.


Дегенмен елде дыбыстық жаңғырығы туралы ақпарат әлі расталған жоқ.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркияның бірнеше ірі орталықтарында, оның ішінде туристер көп шоғырланған Анталия қалалары тілсіз жаумен арпалысу үстінде.

Өзгелердің жаңалығы