Бас жаңалықтар
Түркияда ірі жол апаты болды
03 Тамыз 2021, 08:35 331

Түркияда ірі жол апаты болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Манавгат қаласындағы курорттық аймақта ірі жол апаты болды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Белгілі болғандай, Манавгаттан Анталия әуежайына ресейлік туристерді алып бара жатқан автобус белгісіз себептермен бетон қоршауға соғылып, аударылып кеткен. 

Қайғылы оқиғадан 3 адам қайтыс болып, 16 адам жарақат алды. Ақпарат көздері 5 адамның ауыр халде, тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлайды.  Көлікте 22 ресейлік азамат болған. Олардың 9-ы бала. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жіберілді. Әзірге олардың арасында Қазақстан Республикасының азаматтары анықталған жоқ. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Апаттың нақты не себептен болғаны анықталып жатыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...