Түркияда Димаштың суреті салынған граффити пайда болды

2 Тамыз 2020, 16:47
3431
Бөлісу:
Түркияда Димаштың суреті салынған граффити пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Адана қаласында әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар граффити пайда болды.

Dears, біз өткен жылы 1 тамызда Димашты Ыстанбұл әуежайында кездесу бақытына ие болғанбыз. Бір жылдық мерейтойымызды талантты түрік суретшілері Alper (zeos2305) және Ayşe (akazio1) жасаған Bastau деп аталатын қабырға суретімен қарсы алдық. Біз "Bastau" - Димаштың Түркияда салынған алғашқы суреті және әлемдегі алғашқы 3D гиперреалисттік граффити екенін қуана жариялаймыз!, - деп жазды Димаштың Түркиядағы dimash.turkey деп аталатын фан-клубы желідегі парақшасында. 
Суретші Альпер Агка бұл жұмыс оған сәттілік әкеледі деп үміттенеді. Суретті мына сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетейік, қабырғаға сурет салу үшін екі ай уақыты кеткен.

Өзгелердің жаңалығы