Түркия Turkovac вакцинасын мақұлдауға өтініш берді

26 Қараша 2021, 14:30
677
Бөлісу:
Түркия Turkovac вакцинасын мақұлдауға өтініш берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл қолдануға арналған инактивті Turkovac вакцинасын мақұлдауға өтініш берді.

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Turkovac бойынша жұмыс аяқталуға жақын екенін айтты.
Мен жақсы жаңалықты бөліскім келеді: COVID-19-ға қарсы отандық Turkovac вакцинасы шұғыл пайдалануға рұқсат алуға өтініш берді, – деді Кожа.
Оның айтуынша, министрлік Түркияның дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі ресми агенттігіне (TITCK) жүгінген. Түркия билігі бұл вакцинаны 2021 жылдың аяғына дейін коронавируспен күресу үшін бүкіл әлемде қолдануға болады деп үміттенеді.

Turkovac вакцинасын Эрджияс университетінің ғалымдары Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркияның Денсаулық сақтау басқармасымен (TÜSEB) бірлесіп жасаған. Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталуға жақын.

Бұған дейін Түркия өз жобасы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинасының бірінші және екінші фазасын сынақтан сәтті өткізген болатын. Үшінші кезең сәтті аяқталса, вакцинаны жаппай өндіріске және пайдалануға енгізу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы