Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан

5 Тамыз 2020, 17:30
1354
Бөлісу:
Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан

Алматы, BAQ.KZ. Түркия Денсаулық сақтау министрі Фархеттин Қожа курорттық демалыс орындарында коронавирус жұқтырғандар санының күрт артқанын мәлімдеді. 

Министр Twitter-дегі парақшасында соңғы кездері вирус жұқтырғандар санының анағұрлым артқанын жазды. 

Оның айтуынша, қатерлі індет кең етек алып кетпеуі үшін Түркия қажетті шараларды қабылдауы керек.

Түркия 21 маусымнан бастап шетелдіктер үшін мемлекеттік шекарасын ашқан еді. Пандемия басталғалы Түркияда 234 мың адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 5 мыңнан астам адам көз жұмса, 218 мың адам сауығып шыққан.

Өзгелердің жаңалығы