Бас жаңалықтар
Қазақстанға Түркия елінен гуманитарлық көмек келе жатыр деген ақпарат – жалған
VIDEO
10 Сәуiр 2020, 13:28 1477

Қазақстанға Түркия елінен гуманитарлық көмек келе жатыр деген ақпарат – жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілерде Түркия елінен Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде бірнеше жүк көлігі келе жатыр деген видео таралып кетті. Алайда, бұл жалған ақпарат болып шықты. Аталған ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров жоққа шығарды.


Карантин кезінде Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан елдер баршылық. Алайда, осы ақпараттарды пайдаланып, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары өз тараптарынан жалған ақпарат таратуда. Бейнетаспада Түркия елінен келе жатқан бірнеше жүк көліктері Қазақстанға қарай келе жатқандары көрсетілген. Интернетті таңертеңнен шулатып жатқан видео ешқандай да шындыққа жанаспайды. Қазақстан еліне Түркия мемлекетінен келе жатқан ешқандай да гуманитарлық көмек жоқ. Бұл жалған ақпаратқа сенбеңіздер. Бұл видеоны таратқан сайттарға онеы өшіріп тастауларын айттым, - деді Айбек Смадияров.

Айта кеткен жөн, осыған дейін төтенше жағдай кезінде Қазақстан еліне гуманитарлық көмек ретінде бірнеше ірі мемлекеттер қол ұштарын созып, сақтық шараларына қажетті заттармен қамтамасыз еткен еді. Атап өтетін болсақ, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай мемлекеті және Америка Құрама Штаттары бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...