Түркия елімізге көмек көрсетуге дайын

7 Қаңтар 2022, 09:06
1789
Бөлісу:
Түркия елімізге көмек көрсетуге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия қажет болған жағдайда барлық техникалық білім мен тәжірибесін көрсетуге дайын. Бұл туралы 24.кз арнасы хабарлады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында осылай деді. 

Бұл туралы Түркияның ақпарат басқармасы мәлімдеді. 

Түркия президенті жаңа Үкіметтің ең қысқа мерзімде құрылуына және шиеленістің тезірек аяқталуына сенім білдірді. Дос әрі бауырлас Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап отырғанын жеткізді. Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Түрік елімен қоса түркі мемлекеттері ұйымының да Қазақстанға қолдау көрсететінін айрықша атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы