Түркістандық 7 спортшы Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
17 Қараша 2021, 09:09 86

Түркістандық 7 спортшы Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Стамбұл қаласында каратэ-до шотоканнан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Ұлттық құрамада бақ сынаған Түркістан облысының спортшылары Қазақстан қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдені сыйлады. 

Спортшыларымыз Елнұр Төребек, Маржан Әшім, Меруерт Әбен алтын медальға ие болса, Мади Катешов, Димаш Укматов пен Олжас Құлажан күміс жүлдені иеленді. Ал Ердос Қуандық дүбірлі додада қола медальді қанжығасына байлады. 

Айта кетейік, түркістандық спорт мектебінің шәкірттері бұған дейін әлем чемпионаттарында 4 алтын, 2 қола еншілесе, Азия чемпионаттарында 1 алтын, 2 қола медаль олжалап қайтқан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...