Түркістанда жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді

4 Наурыз 2021, 19:17
1761
Бөлісу:
Түркістанда жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Төлеби ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ленгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаева облыстық №1 периниталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. 

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, осымен облыста жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді.

Жаңа туған нәрестелерге Балжан, Мағжан, Тоғжан есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған. Үшемдер перзентханадан шығуға әзір. Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көпбалалы ананың өзі де мектепте жұмыс істейді.

Әрине қорқыныш болды. Алланың сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімді бағып, күткен дәрігерлерге шексіз алғыс білдіремін,  –  дейді үшемнің анасы.

Жыл басынан бері Түркістан облысында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді.


Өзгелердің жаңалығы