Түркістанда мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

10 Сәуір 2019, 21:40
1901
Бөлісу:
Түркістанда мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласының «Жеңіс» саябағында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Түркістан қаласы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастырды.

Табиғат аясында ұйымдастырылған жиынды Департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев ашып, өз сөзінде Елбасы Жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу керектігін нақтылап берді. Сондықтан біздің басты мақсатымыз - халыққа сапалы қызмет ету екенін айтып, жәрмеңкеге келген қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Түркістанда мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

Жиында әрі қарай Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Қ.Сарманов пен облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Б.Бекенов бастамаға сәттілік тіледі.

300-ден аса қала тұрғыны жиналған іс-шарада азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша салалық кеңестер беріліп, қабылдау жүргізілді.

Концерттік бағдарламамен ұштасқан іс-шара барысында 31 азамат, соның ішінде әлеуметтік қорғалмаған 2 азамат «мобильді ХҚКО» арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алды.

Бұдан бөлек, арнайы мамандар мен еріктілер 40-тан аса смартфон қолданушыларды eGov.kz-те тіркеліп, порталдың профиліне ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, телефон номерлеріне «телеграмм-бот», mgov қосымшаларын байлап, ақпараттық брошюралар таратты.

   

Өзгелердің жаңалығы