Бас жаңалықтар
Түркістанда ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті артып келеді
PHOTO
13 Қыркүйек 2020, 16:43 933

Түркістанда ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті артып келеді

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде оңтүстік өңірінде 256 үкіметтік емес ұйым бар, оның ішінде 60-70 шақтысы белсенді жұмыс атқарып келеді. Мұндай ұйымдар азаматтық қоғам үшін аса қажет.

IMG_2195.JPG

Көбіне үкіметтік емес ұйымдарды «үшінші сектор» деп те атайды. Яғни, бірнеше адам бірлесіп жұмыс істейді. Олар қоғамда азаматтардың белсенділігін оятады, пайдалы жұмыстармен айналысады. Атап айтқанда, адам құқығын қорғау, экология, гендерлік мәселелер, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созу, мүдделерін қорғау, т.б. Яғни, азамат пен мемлекет арасында делдал болып, биліктің қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

Осындай үкіметтік емес ұйымдардың бірі «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірлестік Кентау қаласында орналасқан. Оның қызметі ауыл жастарының белсенділігі мен еріктілігін арттыру, патриоттық сезімдер мен ынтымақтастықты қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиясын сақтау. Қоғамдық бірлестік экологиялық жобаларды Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп атқарып келеді.

IMG_2336.JPG

«ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі әртүрлі халықаралық және жергілікті қорлар мен ұйымдардың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын аймақтық ҮЕҰ-ны дамытуға бағытталған жобаларға қатысып, қолдау тауып келеді.

Айталық, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық бағдарламасы аясында «Береке» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын «Түркістан аймағындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы шеңберінде «Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың әлеуетін күшейту» тақырыбында жастар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің зияны мен салдары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

1f5511c3-dfa9-417f-93fa-1ae8bd5781d6.JPG

Осы жылдар ішінде «ЭКО Атамекен» бірлестігі айтарлықтай өте көп білім мен тәжірибе жинақтап, соның арқасында әртүрлі жергілікті қорлар мен халықаралық ұйымдардың жарыстарына кең көлемде қатысуға мүмкіндік берілді. 2019 жылы мүгедектерді қолдау мақсатында қауымдастық мүшелері мен қызметкерлері ВЕШЕНКИ саңырауқұлақтарын өсіруге арналған жылыжай ашудан тұратын «саңырауқұлақ стартапын» іске қосуға шешім қабылдады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен шағын бөлмеде саңырауқұлақ споралары өсетін контейнерлері бар бірнеше тірек орнатылды. Саңырауқұлақтарға күтім жасау үшін есту қабілеті нашар және көзі нашар көретін екі жас мүгедек жігітті жұмысқа шақырды. Олар көп ұзамай сурдоаудармашының көмегімен балалардың бірінің анасына жұмыстың барлық қыр-сырын үйретті. Қазір олар өздерінің хоббилеріне өте мұқият қарайды. Сонымен қатар, жұмыстарына жауапты қарап, жалақы алып отыр. Отбасыларына көмектеседі және өзін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінеді. Осылайша, «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына түрткі болды.

592a7055-ee2f-4ba3-ade6-f99c0305aff1.JPG

Биыл да Дүниежүзілік экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен «Қазақстан Республикасының Түркістан облысында «жасыл» бастамалар бойынша жастар конкурстарын ұйымдастыру арқылы энергия тиімділігін дамыту және жаңартылатын энергия көздерін енгізу» жастар жобаларына байқау өткізілді. Жобаның мақсаты – Түркістан аймағындағы студенттер мен оқушылардың бастамаларын кешенді жүзеге асыру арқылы «жасыл технологиялардың» әлеуетін дамыту. Ал қамту аймағы – Түркістан, Кентау қалары және Отырар аудандары мектеп және колледждері.

Жасөспірімдерді белсенді қатысуға тарту және экологиялық таза технологияларды енгізу мақсатында жоба аясында жалпы білім беретін мектептер мен колледж студенттерінің бастамасымен шағын жобалар байқауын өткізуді жоспарланған болатынбыз. Байқау барысында «жасыл технологияларды» енгізу бойынша ең жақсы идеялар таңдалды. Олар біздің ұйымының бақылауымен және қолдауымен білім беру мекемелерінде іс жүзінде енгізілетін болады, - деді ол.

Бұдан бөлек, биыл ұйым «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық бағдарламасы аясында «Түркістан аймағындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасының жүзеге асырылуына ықпал етті. Түркістан облысының 14 аймағында тренинг-семинарлар өткізілді. Конкурс барысында 8 ҮЕҰ және 2 бастамашыл топ жеңімпаз атанды.

IMG_5214.JPG

Қазіргі таңда 10 жоба облыстың сегіз ауданында жүзеге асырылуда. Оның ішінде жеңімпаз атанған 2 бастамашыл топ жастардың қызығушылығын арттырып отыр. Сарыағаш ауданы жастары «Жастардың жыныстық тәрбиесі және зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы сөз қозғаса, Отырар ауданының жастары салауатты өмірді тілге тиек етіп, жастар арасында дөңгелек үстелдер өткізуде. Ауыл жастарының тәрбиелік маңызды істер атқаруларына көңіліміз толады, - дейді «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлнар Ниязова.

Бұдан бөлек, ұйым Қазығұрт ауданында «Жанға сая» атты демалыс орнының бой көтеруіне, Леңгір қаласында жастарға арналған спорттық сквердің ашылуына түрткі болса, Түлкібас ауданында ауылға су жүргізіп, ардагерлер ескерткішіне гүл шоқтарын отырғызды.

Осы жылдар ішінде ұйым адам ресурстарын дамыту саласындағы әлеуетін арттыра алды. Қазір қауымдастықта тұрақты негізде 4 қызметкер, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпорындағы жұмысқа тартылған 2 қызметкер бар.

Біздің қоғамдық бірлестік өзін тең құқылы серіктес ретінде танытып, түрлі ұйымдармен және мекемелермен байланыс орната алды. Қазіргі кезде жергілікті қоғамдастықтардың әлеуетін дамыту, әртүрлі халықаралық донорлармен және қазақстандық ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас құру саласындағы жинақталған тәжірибе мен білімімізді Түркістан облысының ауылдық жердегі ҮЕҰ-на үйретудеміз, - дейді Гүлнар Жолаушықызы.

Айта кетейік, Гүлнар Ниязова Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі. Қауымдастық басшысының белсенді азаматтық ұстанымы, Түркістан облысының Азаматтық Альянсымен бірге үкіметтік емес сектордың мүдделерін ілгерілету мақсатында өткізетін іс-шараларға үзбей қатысып келеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...