Түркістанда тұрмыстық техника шығаратын кәсіпорын ашылады

19 Қаңтар 2021, 08:43
3638
Бөлісу:
Түркістанда тұрмыстық техника шығаратын кәсіпорын ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп тұрмыстық техника шығаратын кәсіпорын ашпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрші елдің инвесторлары Түркістанның индустриалды паркінде газ плита мен су жылытқыш құрылғылар өндіруге ниетті. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Ташкентке жасаған іссапары барысында белгілі болды. Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Арнайы экономикалық аймаққа коммуналдық желі толықтай тартылған. Енді осы жерге іргедегі көршілер зауыт салатын болса, шарапатын қос тарап бірдей көрмек. Біріншіден, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Әрі тұрмыстық техниканың бағасы тұтынушылар үшін әлдеқайда арзандауы мүмкін.

Ол біраздан бері талқыланып келе жатқан жоба. Енді қазір келісімшартқа қол қоятын кезі келді. Соны талқыладық. Бұл жоба бойынша Түркістанда 1 млн дейін газ плитасын шығарып, Қазақстанға сатылады. Біз Ресеймен Кедендік одақта болғаннан кейін Ресейге экспорттауға ыңғайлы деп Түркістанды таңдап отыр. Бұл әзір тек басы ғана. Өзбекстандық инвесторлар, мемлекеттік органдар Түркістан қаласына өздерінің көптеген өндірісін апаруға қызығушылығын білдіріп отыр, - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Өзгелердің жаңалығы