Түркістанда құрылатын «TURANSEZ» - түркітілдес елдерді біріктіреді
11 Қараша 2021, 17:28 82

Түркістанда құрылатын «TURANSEZ» - түркітілдес елдерді біріктіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде түркітілдес елдерді біріктіретін «TURANSEZ» арнайы экономикалық аймағы құрылатыны туралы Қазақстанның ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Түркия және түркітілдес елдер арасында өткізілген «Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы ортақ көзқарас» атты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференцияда хабарлады.

Министр Түркістандағы АЭА 2020 жылы Мемлекет басшысының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде берген тапсырмасы бойынша құрылатынын атап көрсетті.

Түркістан облысының аумағындағы «TURANSEZ» АӨК өнімін өңдеу, машина жасау, электр жабдығын өндіру, туристік және білім беру кластерлерінен тұратын өнеркәсіптік-өндірістік кластер құруды, сондай-ақ өзара тиімді сауда қатынастарына жәрдемдесуді көздейді, - деді Әсет Ерғалиев.

Министр Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанға $380 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын, бұл Орталық Азия өңіріне салынған инвестицияның жалпы ағынының 70%-ін құрайтынын атап өтті. Бұл ретте пандемия әлемнің барлық елдерінің сауда-экономикалық байланыстарына да, ұлттық экономиканың дамуына да бірқатар түзетулер енгізді.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы қалпына келу траекториясында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,5%. Жыл қорытындысы бойынша өсім 4%-ке жетеді деп болжануда.

ҰЭМ басшысы Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Премьер-Министрдің басшылығымен Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істеуде. Ол инвестжобаларды іске асыру процесінде туындайтын мәселелерді қарап, нақты шешімдер әзірлейді.

Біздің еліміз едәуір жайлы салықтық ынталандыруларды ұсынуда. ЕО және ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда салық және әлеуметтік алымдардың мөлшерлемесі 10%-тен төмен, - деді ол.

Басым салалардағы инвесторлар корпоративтік және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылған.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Оның жұмысы ағылшын құқығына негізделген әрі елімізге мүлде қауіпсіз инвестиция салу үшін жағдай жасауда. Шанхай қор биржасымен NASDAQ-пен бірлесіп, АХҚО іске қосылды.

Орталық аумағында нөлдік корпоративтік және жеке табыс салық мөлшерлемесі бар қолайлы салық режімі, сондай-ақ оңайлатылған визалық режім әрекет етеді.

Қолдаудың жаңа құралы – әрбір инвесторға жеке қолдау шараларын ұсынатын Инвестициялар туралы келісім заң жүзінде енгізілді.

Елімізде инвесторлар үшін едәуір қолайлы шарттар жасалғанын атап өтейін. Түркі мемлекеттеріндегі әріптестеріме Қазақстанда жоғары технологиялық, оның ішінде халық саны 180 млн.-нан асатын ЕАЭО елдерінің нарығына бағытталған бірлескен кәсіпорындар құруға шақырамын, - деді Әсет Ерғалиев.


Фото: дереккөз
Загрузка...