Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді

15 Мамыр 2021, 15:41
3964
Бөлісу:
Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді
PHOTO

 

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облысының Жетісай ауданы мен Кентау қаласында «Киелі табиғат» экологиялық айлық шеңберінде «Таза парктер» акциясы өткізілді. Айта кетейік, қоршаған ортаны қорғауға арналған акция 24 сәуірден басталып, 25 мамырға дейін жалғасын табады.

«Киелі табиғат» республикалық жастар экологиялық акциясының негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық ағарту және экологиялық сана мен мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған.

Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді


 

Айта кетейік, бұған дейін республика көлемінде «Естелік бағы», «Таза өзендер, көлдер мен тоғандар», «Ағаш отырғыз» экологиялық акциялары өткізілген болатын. 9 мамырда басталған іс-шара бойынша үш жарым мыңнан астам жас қамтылып, үш жарым мыңнан астам ағаш отырғызылды.

«Киелі табиғат» экожобасына әсіресе шалғайдағы елді мекендер, оның ішінде ауыл жастарын тарта отырып, тұрақты экологиялық қоғамдастықтар құру жоспарланды.

Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді


 

Осыған орай, Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Кеншілер саябағында «Біргеміз» еріктілер тобының қатысушылары «Таза парктер» экологиялық акциясын өткізді. Ерікті жастар саябақты күл-қоқыстан тазартып, сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Киелі табиғат» экологиялық жобасы аясында Кентау қаласының жастары кенттің көркеюіне үлестерін қосуды өздерінің басты мақсаты етіп қойды. Өзіңіз білесіз, тазалық пен тәртіп бар жерде көркею, ілгерілеу де болады. Табиғаттың, қоршаған ортаның тазалығы бірінші кезекте жер бетін мекен еткен әрбір тіршілік иесі үшін аса маңызды. Өйткені, тазалықтың сақталуы – денсаулықтың кепілі. Ал, дені сау азамат қана қоғамның белсенді, толыққанды мүшесі бола алады. Біз осы іс-шараны өткізе отырып, қала тұрғындарына айналаны таза ұстап, ұқыпты болуға шақырамыз. Қаланың ерікті жастарына белсенді болғаны үшін өз алғысымызды білдіреміз, - деді Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығының инспекторы, «Біргеміз» волонтерлер тобының төрағасы Ерлан Жамал. 

Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді

Сонымен қатар, дәл осы күні аталған экологиялық акция Түркістан облысының Жетісай ауданында да өткізіліп жатты. «Таза парктер» сенбілігіне аудандағы Сырдария университеті мен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің атынан 17 ерікті жас қатысты.

Экоакция барысында Жетісайдың студенттерден құралған ерікті жастар саябақтың іші мен көше бойына лақтырып кеткен қатты тұрмыстық және пластик заттардан тазартып, жиналған қоқысты арнайы орындарға топтастырды. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілген аумақтарды түрлі шөптерден тазартты.

Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді


 

Бұл сенбіліктің мақсаты – ерікті жастарымызды табиғатымызды қорғауға және тазалыққа үйрету үшін жасалып жатыр. Жастар жол-жөнекей ретсіз тасталған қоқыстарды жинау арқылы, айналаға жанашырлықпен қарауды үйренеді. Олар қалдықтарды жинап жатып, қошаған ортаға мүлдем жаны ашымайтын, мәдениеті төмен адамдардың барына көз жеткізеді және Жер-Ананы сөзсіз аялау керектігін түсінеді. Мұндай экожобалар өте пайдалы және еліміздің барлық түкпірінде жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын. Сонда ғана қоршаған ортаға аялап қарайтын саналы жастар көбейе түседі, - деді Жетісай Жастар ресурстық орталығының инспекторы және орталықтың жанынан құрылған еріктілер клубының кураторы Бақберген Разақ. 

Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді

Бұған дейін Жетісай ауданының бір топ студенттері 8 мамырда «Естелік саябағы» іс-шарасын ұйымдастырған болатын. Акция барысында жастар қаладағы орталық саябақ пен Жетісай қаласындағы жаңадан салынған Арбат маңындағы жас көшеттердің түбін әктеп, қопсыту жұмыстарын жүргізд, алаңдарды қураған көшеттерден тазартты. Сондай-ақ, Жетісай Жастар ресурстық орталығының инспекторы Бақберген Разақтың айтуынша, 25 мамыр күні ауданда «Киелі Табиғат» экологиялық плоггингін өткізу жоспарланып отыр.

Түркістанда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өткізілді


 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы