Түркістанда «Қару» іс-шарасы аясында 300-ге жуық қару иелері тексерілді

15 Қазан 2020, 13:48
1105
Бөлісу:
Түркістанда «Қару» іс-шарасы аясында 300-ге жуық қару иелері тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың қазан айының 12-15 күндері аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Іс-шараның негізгі мақсаты - атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстарды ашу, алдын алу, жолын кесу, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ, қару, оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысына сәйкес тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданындағы қару иелерін тексерді. Оның ішінде 219 қару иесі тексеріліп, оның 12 қару иесіне қару сақтаудың ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар заңсыз сақтауда тұрған 2 ұңғылы 16 калибрлі қару тәркіленіп алынды, - делінген ақпаратта.

Ал Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде іс-шараны ұйымдастырып, тиянақты жұмыс атқарды. Нәтижесінде қару сақтаудың талаптарын бұзған 8 тұлға анықталып, әкімшілік айыппұл салынды. Ал 5 тұлға өз еркімен аңшы қаруларын бөлімге әкеліп, тапсырды.  



Өзгелердің жаңалығы