Бас жаңалықтар
Түркістанда халықаралық рейстер ашылады
26 Ақпан 2021, 20:08 630

Түркістанда халықаралық рейстер ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық әуе компаниялары Түркістан қаласының әуежайынан халықаралық рейстер ашуды жоспарлап отыр.

2021 жылдың наурыз айында "Эйр Астана" әуе компаниясы Түркістан мен Ыстамбұл қалалары арасында аптасына 7 рейспен ұшуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, "SCAT" әуе компаниясы Түркістан – Ыстамбұл бағытында аптасына 2 рейстен орындай бастайды.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жүргізген жұмыстың қорытындысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 79 қаулысымен Түркістан қаласының әуежайына халықаралық әуежай мәртебесі берілді.

Қазіргі уақытта Түркістан мен Ыстамбұл қалалары арасында рейстер ашуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Анықтамалық мәлімет:

Түркістан қаласы әуежайының құрылысы 2020 жылдың күзінде аяқталды. Бұл әуежайға алғашқы тұрақты рейс 2020 жылдың 1 желтоқсанында жасалды.


Фото: дереккөз
Загрузка...