Түркістанда «Еvening sport»  жобасы аясында спорт сайысы өтті
20 Қараша 2021, 13:48 112

Түркістанда «Еvening sport» жобасы аясында спорт сайысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай neet санатындағы жастарды қолдау мақсатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Evening sport» жобасы өтті. 

Ұйымдастыруға «Jas Otan»  жастар қанаты да үлес қосты.  Жоба аясында neet санатындағы жастарға мемлекеттік бағдарламалар,  жас кәсіпкерлерді қолдау, жастарды тұрғын үймен, жұмыспен қамту және өзге де бастамалар туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен бірге спорттың  5 түрінен өткен облыстық турнир өтті.  Асық ату сайысы бойынша бас жүлде  М. Биболсынға бұйырса (Бәйдібек ауданы), бірінші орынды  Е. Мырзаханов (Кентау қаласы) еншіледі. Екінші орынға жетісайлық Е. Дәулетов иелік етсе, үшінші орынды созақтық Қ. Алдабергенұлы олжалады. 

Шахмат сайысында сарыағаштық А.Абдукаримов бас жүлдені,  қазығұрттық Әлі Тіленші бірінші орынды иемденді. Одан кейінгі жүлделі орындарды Б. Асқаров (Арыс қаласы) пен Ш. Ақсұлтан ( Отырар ауданы) өзара бөлісті. Кір тасын көтеруде бас жүлде Ф. Идоятовқа (Созақ ауданы),  бірінші  орын  О. Дербіске (Жетісай ауданы) бұйырды. Күміс - Н. Өтебайға (Сайрам ауданы),  қола жүлде А.Абдуғаниевке  (Сарыағаш ауданы) берілді. 

 Үстел теннисінен бас жүлдені А. Қонысбай (Жетісай ауданы) жеңіп алды.  Отырарлық М. Қалдарбеков,  Е. Аман  (Бәйдібек ауданы), С. Мұханов  (Сарыағаш ауданы) үшеуі қалған үш орынды жеңіп алды. 

 Қол күресінен келестік  Б. Жаухан қарсылас шақ келтірмей,  бас жүлдеге ие болды. Созақтық Н.Амангелдиев — бірінші,  отырарлық Б. Бекболат пен сарыағаштық А. Ануар екінші-үшінші орындарды еншіледі.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тапсырылды. 


Фото: дереккөз
Загрузка...