Түркістанда «Ел аманаты» республикалық штабы құрылады

23 Қыркүйек 2020, 17:24
1598
Бөлісу:
Түркістанда «Ел аманаты» республикалық штабы құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-дегі онлайн брифингте «Ауыл» ХДПП орталық аппартының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов айтып берді.

Түркістан қаласына «Ел аманаты» республикалық штабы құрылады. Бұл штаб жоба аясында тікелей халықпен жұмыс істейді. Ол жазбаша сауалнаманың жүргізілуіне күнделікті мониторинг жасап отырады. Сауалнама ең маңызды деген 15 аманаттан тұрады. Оның 15-іншісі сауалнамаға қатысушының өз таңдауы бойынша маңызды проблеманы өзі ұсына алады. Респондент осы 14 аманаттың ішінен ең көкейкесті, ең өзекті мәселелелерді анықтап, белгілей алады. Оны электронды не болмаса жазбаша формада жіберуі тиіс. Сауалнаманы кез келген браузер, мессенджер арқылы ашуға болады, - деді Қуаныш Сейтжанов.

Осы ретте ол сауалнама ел бақытына бастайтын ізгі іс екенін айтты. Сонымен қатар халықтан аз да болса уақыттарын бөліп қатысып, халқымыздың арасында маңызды мәселелерді партияға аманаттауларын сұрады.

Сұрақтардың мазмұнына тоқталатын болсақ. Сұрақтар көктен түскен жоқ. Біз бірнеше жылдан бері өзінің электоратымен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан партиямыз. Қашанда өңірлерден халықтың мұң-мұқтажы, проблемалары бізге жеткізіліп отырады. Осыларды сараптамадан өткізіп, қазіргі қоғамда шешілуі өзекті 14 сауалды халықтан аманат етіп алмақшымыз. Оның ішінде әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, ауылдағы медицина, білім беру саласы бар. Мысалы, мемлекеттік бюджет қаражатының тиімсіз бағдарламаларға миллиардтап жұмсалуын тоқтатып, халық мүддесіне бағыттау аманат. Бюджеттік бағдарламалардың көлеңке тұстары бар екенін жалпы қауім біледі. Бұл талқыланып жүрген мәселе, - деді ол брифингте.

Партияның зерттеуі бойынша халыққа бюджет қаражатының жұмсалу бағытының 1/3 бөлігі ғана белгілі. Қалғандарының бағыты да, саны да көзден таса қалып жатады. Бұл мәселені қазіргідей пандемия кезінде шешу өте маңызды. Ол үшін қажетсіз шығындарды тоқтату керек деп атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы