Түркістанда әуенді субұрқақ күзде пайдалануға беріледі

20 Мамыр 2019, 21:22
3995
Бөлісу:
Түркістанда әуенді субұрқақ күзде пайдалануға беріледі

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанның кешінде әуенді, әуезді субұрқақтың жанында серуендейтін күн де алыс емес. Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі киелі өңірге жарық музыкалық субұрқақ нысанын сыйға тартпақ.

Сәуір айының соңында басталған құрылыс алаңындағы жұмыстың бүгінде қарқыны қызу.  Рухани астана төріне әсем субұрқақ салуға тапсырыс алған «МК корпорейшн» компаниясы. Компания өкілінің айтуынша, жұмысшылар қауіпсіздігі мен сапа мәселесі бірінші орында.

Түркістанда әуенді субұрқақ күзде пайдалануға беріледі

«Субұрқақтың құрылыс жұмыстарына  Шымкент және Түркістан қалаларында өндірілетін құрылыс материалдарын пайдаланып жатырмыз. Әуенді субұрқақтың көлемі 3891 шаршы метрді құрайды. Жоспар бойынша субұрқақтың құрылысын қазан айында толық аяқтап, тапсырамыз деп отырмыз», - деді «МК корпорейшн» компаниясының учаске бастығы  Жанат Қанапин.

Айта кетейік, мердігер компания өкілдері Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген. Жоспарланған нысан 30 тамыз  – Конституция күні қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Түркістанда туризмді дамыту үшін оның ішінде ішкі туризмді дамыту мақсатында музыкалық субұрқақтан басқа амфитеатр, аттракциондары бар қалалық саябақ салу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы