Түркістанда 500 адам қабылдайтын емхана салынады

1 Маусым 2021, 10:45
9782
Бөлісу:
Түркістанда 500 адам қабылдайтын емхана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Түркістанда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салу жоспарда бар екенін айтты.

Министрдің айтуынша, Түркістан аймағын дамытудың кешенді жоспарының жобасы аясында 10 денсаулық сақтау нысаны салынады, оның ішінде 7 нысан Түркістан қаласында және 3 нысан Арыс және Сарыағаш қалаларында.

Түркістан қаласында YDA компаниясы «570 төсектік облыстық көпбейінді аурухана құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қызығушылық танытты. Бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы республикалық деңгейде іске асырылып жатыр және Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген, - деп атап өтті Цой.

Облыс тұрғындары мен қонақтарына жоғары технологиялық қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі клиника салынады.

Сондай-ақ 190 төсектік облыстық балалар ауруханасын салу жоспарланып отыр. Түркістан балалар ауруханасының 2014 жылы салынған ғимараты санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді, бірақ құрамында хирургиялық бейіндегі мамандандырылған бөлімшелері, консультациялық-диагностикалық емханасы, диагностикалық бөлімшесі жоқ, - дейді министр.

Цой баяндағандай, жоспарда Түркістан қаласында 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салу көзделген. Айтуынша, Б.Сатарханов ықшам ауданында қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары жоқ.

Өзгелердің жаңалығы