Түркістанда 200 орындық модульді аурухананың құрылысы жүріп жатыр

27 Қазан 2020, 10:07
1213
Бөлісу:
Түркістанда 200 орындық модульді аурухананың құрылысы жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында 200 төсек-орынға лайықталған модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр.

Биыл елімізде 13 модульді инфекциялық стационар салынуы жоспарланған болса, соның бірі Түркістан шаһарындағы нысан болып табылады.

Айта кетерлігі, 200 төсек-орынның 180-і инфекциялық жұқпалы ауруларға, ал 20 орын реанимациялық ауруларға арналған. Ауруханада цифрлы рентген аппараты, ультрадыбыстық аппараттар және өзге де озық үлгідегі техникалар бар.

Нысанның құрылысы жоспарланған аймақта барлық қажетті инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымы бар.

Жалпы, инфекциялық стационардың құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы