Бас жаңалықтар
Бүгін
2025 жылға қарай Түркістанға 5 млн турист келеді
31 Қаңтар 2019, 08:56 913

2025 жылға қарай Түркістанға 5 млн турист келеді

Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың алдында Туризм және сыртқа байланыстар басқармасының басшысы Олжас Шынтаев пен Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 
Алғаш болып сөз алған Олжас Шынтаев облыста туризм саласы тарихи-мәдени, мінәжат ету, экологиялық және емдік-сауықтыру бағыттары бойынша әлеуетті екенін айтты.
 
«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және туристік әлеуетті ішкі туризмді маркетингтік ілгерілету мақсатында 2018 жылы бірқатар іс-шаралар өткізілді. Қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатында ЮНЕСКО өкілдерін, Түркия мемлекетінің экспертін, «Tour Lab» туристік зертханасы мамандарын тарта отырып туристік бизнес, мұражай қызметкерлері, гид-экскурсоводтарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Елбасының 29 қыркүйекте Түркістан қаласына ресми сапары барысында Түркістан қаласында мәдени-тарихи туризмді, Төлебиде (Қасқасу) тау-шаңғы туризмін, Сарыағашта емдеу-сауықтыру туризмін дамыту тапсырылған. Жалпы жоспар бойынша 2025 жылға қарай Түркістанға 5 млн. турист келеді», – деді Олжас Шынтаев.
 
2018 жылдың 9 айында туризм саласында орналастыру орындарынан түскен жиынтық табыс көлемі 1 013 875,8 млн. теңгеге жеткен. Бұдан 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1 пайызға артқанын аңғаруға болады.
 
Аймақ басшысы облыстың имиджін көтеріп, шетелдік қонақтарды қызықтыру мақсатында сапалы жарнамалық роликтер мен фильмдер дайындау керектігін айтты.
 
«Аталған көрсеткіштерді Елбасының облысымызды қолдауының арқасында 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін тиісті шараларды дер кезінде атқару маңызды. Мәселен, туристік 6 бағыт бойынша 6 кітап шығаруды тапсырамын. Онда туристік нысандардың суреттері мен мәліметтері және маршруттық картасы көрсетілуі тиіс. Туристік компаниялардың арасында бәсекелестікті қалыптастыру керек», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
 
Айта кету керек, биыл облысымыздың үш туристтік объектісі Әлемдік туристтік тартымдылық тізіміне еніп отыр. Туризм индустриясының мултипликативттік эффектісін ескеріп, барлық бағыттар және тапсырмалар мен міндеттер орындалатын болады.
 
2018 жылдың 12 айында басқарма тарапынан 1635 азаматтардың арыз-шағымдары қаралып, барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға азайған. Бұл туралы өз кезегінде Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков мәлімдеді.
 
Оның сөзінше, арыздардың басым бөлігі Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласына тиесілі. 2018 жылы қаралған істердің 38 пайызы жалақы төлеу мерзімінің бұзылуы, 23 пайызы еңбек шартын бұзу, 12 пайызы еңбек демелысын уақытылы бермеу, 5 пайызы жұмыс уақытының нормасын бұзуға қатысты болған.
 
«Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 641 заң бұзушылық анықталды. Еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 18 783 050 теңге көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың сомасы өткен жылмен салыстырғанда 0,9 млн. теңгеге, яғни 4,8 пайызға кеміген», – деді басқарма басшысы.
 
2018 жылдың 12 айында шетел капиталының қатысуымен тіркелген мекемелерде 8 тексеру жүргізілді. Шетел компанияларының қатысуымен 29 заң бұзушылық фактілері анықталған. 2 лауазымды және заңды тұлғаға 408 850 теңге көлемінде айыппұл салынып, 4 лауазымды тұлғаға ескерту түрінде әкімшілік шара көрілді.
 



Сізден жаңалық