Бас жаңалықтар
Түркістан: Төлеби ауданында күрделі лапароскопиялық ота түрі жасалды
22 Қазан 2020, 06:40 151

Түркістан: Төлеби ауданында күрделі лапароскопиялық ота түрі жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Төлеби аудандық орталық ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аудандық аурухананың ота бөлімінде облыстық клиникалық аурухананың хирург мамандарымен бірлесе екі науқастың өт қабы алынды. Шалғай аудан тұрғындары бұған дейін облыстық клиникалық ауруханаға жіберілетін. 

Емдеу мекемесіне биылғы жылы арнайы медициналық құрал-жабдық алынып, тұрғындар сапалы емді аудан ауруханасынан қабылдай алатын болды.
  
Төлеби аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қарлығаш Омарованың айтуынша, бұл тәсілмен бүйрек, бауыр ауруларының көптеген түрін емдеу жоспарлануда.
Дәрігерлер осы мақсатта біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасады. Қазіргі таңда ота бөлімінде орта және кіші буын қызметкерлерін қоса алғанда 26 медицина қызметкері жұмыс істейді. Биылғы жылдың өзінде бөлімде 400-ге жуық ота жасалды, - делінген мәліметте.
Бөлімшеде өт қалтасындағы тасты алу, жарыққа және кеуде мен асқазанды емдеуге арналған ота түрлері жасалады. 

 


Фото: дереккөз
Загрузка...