Түркістанда саятшылық тойы өтті

1 Ақпан 2019, 22:09
4535
Бөлісу:
Түркістанда саятшылық тойы өтті
PHOTO

Түркістан облысы, BAQ.KZ. Түлкібас ауданында Салбурын саятшылар фестивалі ұйымдастырылды. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақы танымда Жеті қазынаның бірі саналатын жылқыға ерекше тоқталады. Қазақ жұрты мен аттың біртұтас әрі көне заманнан бірге келе жатқандығын баяндайды. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Осыған орай, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен ұлттық құндылықтар мен туризмді дамытуға арналған шаралар жоспарының бірі ретінде "Салбурын мереке ғой саятшыға" деген атаумен Жабағылы ауылында өтті. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Сондай-ақ, шара мақсаты - түп-тамырымызға үңіліп, сана түкпіріндегі ұлттық рухты ояту.      

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Биыл Елбасымыз жастар жылын жариялады. Осыған орай, бүгінгі іс-шараға Түркістан облысымен қатар шетелден де жастар келіп қатысты.

Түркістанда саятшылық тойы өтті

«Салбурын – мереке ғой саятшыға» фестивалі келешекте республикалық, халықаралық деңгейге көтерілмек. Түркі тілдес мемлекеттердің ортақ бренді әрі дәстүрлі мерекесіне айналуда.

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Фестиваль - бүркіт пен тазы салу сайыстарымен басталды. Өзара мықтыны анықтаған бүркітшілер мен жеті қазынаның тілін түсінгендер мерекеге келген қонақтардың қызығушылығын оятты.

 Түркістанда саятшылық тойы өтті

Шара аясында қонақтар Салбурын саятшылық мерекесіне арналған көрмемен танысты. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Сонымен қатар, бүркіт, тазылардың аң алу және жамбы ату көріністеріне тәнті болды. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Шара соңында саятшылар сайысының қорытындысы шығарылды. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Мерекеде әр сайыстың түріне байланысты бағы жанғандардың мерейі үстем болып, бірқатар құсбегілер мен тазы баптаушылар марапатқа ие болды. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Айта кетерлігі, осындай іс-шаралар жылдан-жылға өз нәтижесін беруде. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Мәселен, былтыр Түркістан облысына алыс-жақын шет мемлекеттерден келушілер саны 7,7 пайызға артқан. 

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Бір ғана Түркістан қаласына 1 милионнан астам турист табан тіресе, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр.

Түркістанда саятшылық тойы өтті

Өзгелердің жаңалығы