Түркістанда қайырымдылық дүкені ашылды

10 Мамыр 2019, 09:27
2824
Бөлісу:
Түркістанда қайырымдылық дүкені ашылды
PHOTO

Түркістан, BAQ.KZ. Облыс орталығында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар үшін «Тегін – Қайырымдылық дүкені»  жұмыс істейді. «Ұлы Жеңіс күні»  қарсаңында ашылу салтанаты өткен дүкен облыстық ақсақалдар алқасы мен «Қоғамдық келісім» кеңесінің бастамасымен қолға алынған.

Түркістанда қайырымдылық дүкені ашылды

Аталған шараға қала әкімі Ә.Өсербаев, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістанда қайырымдылық дүкені ашылды

Сауабы мол істің тұрғындар игілігі үшін қажеттілігі орасан екенін айтқан  қала басшысы Әліпбек Өсербаев өз тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Түркістанда қайырымдылық дүкені ашылды

 «Дүкен аптаның тек сәрсенбі күні жұмыс істейді. Мұнда қаланың 8 мөлтек ауданының көше комитетінің төрағалары жасаған тізімдер бойынша мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек қажетілігіне қарай берілетін болады. Нақтырақ айтқанда, әр аптада 40-50 адамға көмек көрсетілмек. Ол тізімге көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар енгізіледі», – деді облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов.

Түркістанда қайырымдылық дүкені ашылды

Қазіргі таңда дүкенде 2 тонна азық-түлік, 4 мың дана киім бар. Негізінен дүкеннің қоры қаладағы демеушілердің есебінен толықтырылады. Аталмыш дүкен қаладағы Әл-Фараби көшесі №26 үй мекенжайында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы