Түркістан облысының үш тұрғыны медициналық құжаттарды қолдан жасағаны үшін ұсталды

26 Шілде 2021, 11:22
2436
Бөлісу:
Түркістан облысының үш тұрғыны медициналық құжаттарды қолдан жасағаны үшін ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде мәлім болды.

ІІМ коронавирус инфекциясына байланысты құжаттарды қолдан жасау және пайдалану деректерін анықтау және жолын кесу бойынша кең ауқымды жұмысты жалғастырып жатыр. ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы медициналық құжаттарды қолдан жасаумен және сатумен айналысқан Түркістан облысының үш тұрғынының қызметін тоқтатты, - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек.

Тергеушілер Сарыағаш аудандық ауруханасының медбикесін әшкереледі, ол «COVID-19» коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейту жөніндегі шараларды бұза отырып, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге негіз болып табылатын медициналық құжаттарды қолдан жасап, сатқан.

Ұсталғандар 3 000 теңгеден 8 000 теңгеге Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінің шақыру-анықтамаларын қолдан жасаған. Бұл жалған құжат медициналық мекеменің шақыруымен тиісті қызметтерді алу үшін, сондай-ақ шетелге шығу үшін мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік берді. Күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту барысында сатуға дайындалған алдын ала қойылған мөрлері бар 1 266 медициналық бланк алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді ол.

Тұрлыбек атағандай, ІІМ жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

Өзгелердің жаңалығы