Бас жаңалықтар
Түркістан облысының тұрғыны ауласына 17 түп есірткі еккен
30 Шілде 2021, 15:34 539

Түркістан облысының тұрғыны ауласына 17 түп есірткі еккен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері үйінің ауласына 17 түп есірткі еккен күдіктіні анықтады.

Бұл туралы ТО ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Бәйдібек АПБ-нің «102» нөміріне хабар келіп түскен. Онда жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында есірткі затын өсіретіндігі және сақтайтындығы туралы айтылған. Полиция қызметкерлері аталған хабарламаны ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағытталды. 


ТО ЕҚҚІҚБ мен бәйдібектік тәртіп сақшылары есірткі қылмысының алдын алу бойынша аталған мекенжайға барды. Осылайша күдіктінің үйін тінту барысында үйінің бау-бақшасында 17 түп өсіп тұрған есірткі өсімдігіне ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сонымен қатар үйінің қонақ бөлмесіндегі терезесінің бұғатына жасырылған газетке оралған жасыл түсті, ұнтақталған есірткі заты табылды. Полицейлер күдікті азаматтың үйінен алынған есірткі заттарына сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес ұсынылған заттар 17 түп «сора» есірткі заты екені белгілі болды. Сонымен қатар газетке оралған есірткі затының жалпы салмағы 1,39 гр «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда бұрын сотты болған күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.


Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Оған қоса тәртіп сақшылары есірткінің қоғам дерті екендігін ұмытпай, оны өсіріп, қолданып, тасымалдағандармен күресуді күшейтуде. Сондықтан Сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...