Бас жаңалықтар
Түркістан облысының түлектері көпбалалы анаға пәтер сыйлады
27 Мамыр 2019, 22:57 698

Түркістан облысының түлектері көпбалалы анаға пәтер сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында көпбалалы аналарға деген құрмет пен қолдау күшейе түсті. Төлеби ауданының түлектері рамазан айында көпбалалы анаға баспана әперді. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қуанарлығы, қарапайым ғана сыныптастар бірліктің арқасында ел жүрегін жібітетін бастамаларымен қуантып жатыр. №2 Ш.Уәлиханов атындағы мектепті 1999 жылы бітірген түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ауызашар ұйымдастырған. Оған барлық мұғалімдері мен ата-аналарын шақырып, сол жерде көпбалалы анаға бір бөлмелі пәтердің кілтін және оның  балаларына сыйлықтарды табыстады. 

Көңілдері нұрға толы түлектер осы қайырымдылық ісі арқылы өзге құрдастарына үлгі болуды,  орынсыз сән-салтанат орнына көпбалалы аналарға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан екен.
Күйеуі 2018 жылы марқұм болған Айжанның үлкен қызы 13-те, ал ең кішкентай ұлы жақында бір жасқа толады. Жалдамалы пәтерде бес қыз, бір ұлымен күнелтіп келген Айжан Қалтұрсынова жанға жайлы пәтер сыйлаған түлектерге алғысын айтып, аналық ақ тілегін жаудырды.
Мұндай игі істер Төлеби ауданында дәстүрге айналып келеді.  Жергілікті билік те азаматтардың қайырымдылық бастамаларын барынша қолдау көрсетеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...