Бас жаңалықтар
Түркістан облысының полицейлері жалғызбасты анаға көмек қолын созды
24 Қараша 2020, 14:07 298

Түркістан облысының полицейлері жалғызбасты анаға көмек қолын созды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Исабеков Нұрланның бастауымен және жеке құрам қызметкерлерімен бірлесе отырып, үлгі боларлық іс атқарды.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, Арыс қаласының тұрғыны жалғызбасты ана Бекзатова Перизаттың үйіне арнайы барып, жағдайын біліп қайтты.  Сондай-ақ азық-түлік жеткізіп, қайырымдылық жасады. Оған қоса әйелдің денсаулығы нашар екенін ескеріп, ақшалай да көмек көрсетілді. 

Өз кезегінде Перизат Бекзатова тәртіп сақшыларына үлкен алғыс білдіріп, шынайы ризашылығын жеткізді. 

Полицейлердің еңбектеріне, жұмыстарына шынайы алғысымды білдірмін. Еңбектері еленіп, бала-шағаларының қызықшылығын көрсін. Осы кісілердің арқасында кішкентай қызым екеуіміз өз-өзімізге келіп жатырмыз. Тәртіп сақшыларына рақмет!, - делінген хабарламада.

Арыс АПБ-нің басшылығы атап өткендей, мұндай бастамалар жеке құрамға үлгі боларлықтай және жас полицейлерді адамгершілік рухқа тәрбиелеуде берері мол болмақ.



Фото: дереккөз
Загрузка...